Қорғаныс министрлігі баспасөз фестивалін ұйымдастырып жатыр
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскер Медиа – 2019» баспасөз фестивалін ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Фестиваль мынадай тапсырмаларды шешуге бағытталған:
- Қарулы Күштердің ашықтылығы мен қолжетімділігін арттыру, БАҚ-та қазақстандық әскердің қызметін объективті жария ету;
- әскери журналистиканы дамыту және телевизиялық, баспасөз және электрондық БАҚта бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру;
- әскери тақырыпты жария етіп жүрген барлық бұқаралық медиа өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу платформасын құру;
- Қазақстан армиясы туралы позитивтік пікір қалыптастыру, қоғам арасында әскери қызмет пен әскери дәстүрдің беделін арттыру және насихаттау;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қоғамдық назарды аударту.
Фестиваль мақсаты шетелдік, орталық және өңірлік (жергілікті) баспасөз, аудио және электрондық БАҚ-та орналастырылған материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіне арналған әлеуметтік желілер мен блогтардағы авторлық материалдарды сұрыптау.
Фестивальға қатысуға 2019 жылғы 1 қаңтар мен 31 қазан аралығындағы кезеңде Қарулы Күштердің іс-әрекеті туралы материалдар жариялаған отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, блогерлер қатыса алады.
Фестиваль номинациялары:
1) «Бес қару» – үздік телевизиялық бағдарлама үшін;
2) «Дауылпаз» – үздік радиобағдарлама үшін;
3) «Алдаспан» – баспасөз БАҚ-тағы үздік материал үшін;
4) «Сөзсемсер» – ақпараттық агенттіктегі үздік жұмыс үшін;
5) «Айтөбел» – үздік фотожұмыс үшін;
6) «Қамшыгер» – әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы үздік жұмыс үшін;
7) «Шарайна» – өңірлік БАҚ-тағы үздік материал үшін;
8) «Самұрық» – үздік арнайы жоба үшін;
9) «Ақсұңқар» – өз саласының майталманы;
10) «Жасөркен» – үздік жас журналист;
11) «Ділмар» – үздік әскери шолушы;
12) «Дәнекер» – ҚР ҚК туралы шетелдік БАҚ-тағы үздік материал.