Балық аулап отырған азаматтар суға кетіп, мерт болды

Oinet.kz 08-10-2019 996

Картинки по запросу суға кетіп

Шығыс Қазақстанда үш балықшы суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған OINET.KZ.

 Ұлан ауданының Қанай ауылында (Жаңа Қанай ауылынан 3 шақырым жерде-авт.) жергілікті тұрғындар судан 1958 жылғы азаматты алып шыққан

«Егделеу ер адам балық аулап отырған жерінде абайсызда қайықтан құлап, суға батып кеткен. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында Құлынжон ауылынан 17 шақырым жерде 1981 және 1983 жылғы екі балықшының суға кеткені белгілі болып отыр. Олар резеңке қайықпен балық аулауға шығып кеткен. Олардың денесі 7 қазанда табылды», – деді ТЖД. 

Құтқарушылар балық аулау кезінде азаматтарды абай болуға шақырады.

Салық бойынша қарызы бар азаматтардың көшін Шымкент тұрғыны бастап отыр
Әзірбайжанда Үкімет басшысы ауысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу