Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқитын студент қыздардың кәсіптік дағдыларын зерттеу арқылы олардың өмірлік құндылықтары мен ұстанымдарын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты "Мың келбетті жастық шақ: Алматы қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік-психологиялық портреті" тақырыбында арнайы зерттеу жүргізді.
Сонымен қатар зерттеу барысында жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбиелік көрсеткіштеріне де талдау жүргізілді.
Институт мамандарының айтуынша, сауалнамаға Алматы қаласындағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысқан. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы Менеджмент университеті, Шет тілдері және іскерлік мансап университеті, Сулеймен Демирел университеті және М. Тынышпаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясы бар.
Сауалнама кезінде қыздар қауымына "Шетел азаматына тұрмысқа шығу. Бұл дұрыс па?" деген сұрақ қойылды. Бойжеткендердің басым бөлігі бұны құптамайтынын айтты. Нәзікжандылардың пайымдауынша, қыздар шетелдік азаматқа әлеуметтік жағдайын түзету үшін жар болады. Ал сауалнамаға қатысушылардың бір тобы отбасылық бақыт ұлтқа немесе дінге байланысты емес деген пікірде.
Әлеуметтік зерттеу барысында студенттердің жоғары оқу орнын таңдауы, білімге деген көзқарасы, кәсіптік бағдарға, бюджет көздеріне, саяси бағдарлауға, бос уақытты өткізуге, әлеуметтік сәйкестілікке, некеге тұруға, репродуктивтік және гендерлік бағдарламаға қатысты сұрақтар қамтылды.
–Бүгінде жастар психологиясының тұрақсыздығынан, қоғамда өз орнын таба алмауынан, білім және діни сауатының төмендігінен, еңбек нарығында шеттетілуінен және бос уақытының көптігінен олқылықты жайттарға тап болады. Зерттеу барысында жастардың, соның ішінде қыздардың мәдени, рухани өміріне жете мән беріліп, толыққанды тұлға тәрбиелеу және олардың өз істерін ашу бағытында қандай істер атқарылуы тиістігі екшелді, – дейді Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының мамандары.
Респонденттер "Бұл мамандықты не үшін таңдадыңыз?", "Үш тілділік идеясына қалай қарайсыз? Ағылшын тілін оқытудың сапасы қанағаттандыра ма? Ағылшын тілін оқу барысында қандай қиыншылықтарға кез болдыңыздар?", "Университет дипломы қыздарға ма, әлде ұлдарға маңыздырақ па? Гендерлік таптаурын мәселесі жағынан талдау жасасақ? "Университет дипломын алғаннан кейін ер адамдарға жұмысқа тұру қыздарға қарағанда жеңілдеу ме? Әлде екеуіне де тең дәрежеде ме?", "Әлеуметтік белсенділік бізге не береді? Ол не үшін қажет?", "Білім алу ата-ананың қаражатына байланысты ма немесе мүмкіндік болса басқа оқу орнын таңдайтын ба едіңіз?" сынды сауалдар төңірегінде өз ойларымен бөлісті.