Мұғалім құқығы талқыға түсті

Oinet.kz 08-10-2019 990

Картинки по запросу МұғалімМұғалім өз құқығын өзі қорғай білуі керек. Сонда ғана мерейі үстем болады.  Бұл туралы азақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған шараға жиналғандар осылай айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиынға алыс-жақын шет елдердің кәсіподақ басшылары да қатысып, қазіргі педагог мәртебесі, білім кәсіподақтарының проблемасын талқыға салды. Сала мамандарының айтуынша, сапалы білімді талап етпес бұрын, ұстаздардың еңбекақысын көтеру керек. Себебі мұғалім шәкірт тәрбиелеуден өзге проблемаға алаңдамауы тиіс.

Сондай-ақ мамандар білім кәсіподағының 2019-2024 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын айқындамақ.

«Білім саласының сапасын арттыру. Ендеше сол білім сапасын арттыратын кім. Әрине ұстаздар қауымы. Ендеше олардың жағдайы әр мемлекетте әр түрлі. Мұғалім өзі сауатты болу керек. Өз-өзін сыйлата білу үшін сыйлы болуы керек. Лайықты еңбекке, лайықты еңбекақы болуы керек»,- дейді қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева.

Президент: «Кеңседе отыра бермей жаяу жүріп, тұрғындардың өмірін білу керек»
Қазақ қыздары шетелдік азаматқа әлеуметтік жағдайын түзету үшін жар болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу