Қарағандылық каратешілер Әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды

Oinet.kz 08-10-2019 1322

image.png

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Мәскеуде өткен киокушинкай каратеден өткен Әлем кубогында Қарағандылық спортшылар төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Қарағанды облысынан «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Думан Балтабай алтын медальді жеңіп алды, Регина Мешковаға «күміс» бұйырды, Алекандр Трошкин мен Карина Сұлтановағы қола медалдар табыс етілді. 

Трибунадағы жекпе-жектерді бес мыңға жуық көрермен тамашалады. Әлемнің 44 елінен келген мықты спортшылар қатысты. Жарыс онлайн режимінде көрсетілді. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Жапонияның атақты каратэ шеберлері, атап айтқанда халықаралық ұйымның Бас директоры Шихан Ясухиро Сичинохе, Учи - Деси Сосая Масутацу Ояма - Шихан Сигера Табата және ұйымның директоры Йошиказу Кои қатысты. 

Қазақ қыздары шетелдік азаматқа әлеуметтік жағдайын түзету үшін жар болады
Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің жүлде сомасы жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу