Әлия Назарбаева Қазақстанның үздік мұғаліміне 4 млн теңге табыстады
Мұғалімдер күні қарсаңында «Қазақстан» орталық концерт залында «Үздік педагог» Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған іс-шара өтті, онда 64 финалист марапатталды деп xабарлайды Азаттық руxы.
Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жариялады.
Қазақстан педагогтарының жаһандық жарысқа қатысуы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының – Халықаралық Варке қайырымдылық қоры («Varkey GEMS Foundation») құрылтайшысы болып табылатын Дүниежүзілік сыйлықтың Қазақстандағы ресми өкілінің қолдауымен мүмкін болып отыр.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық премиясының жеңімпазы, Даму қоры бекіткен 4 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері және «Жаһандық премияның Қазақстандағы амбассадоры» атанды.
Сондай – ақ, Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өтетін, педагогтар үшін Нобель сыйлығының баламасы саналатын «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысу үшін өтініш жіберетін тағы он педагогтың есімдері белгілі болды.