Нұр-Сұлтандық оқушы қыз 16-қабаттан секіріп мерт болды
Елордада мектеп оқушысы тұрғын үйдің 16-шы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу жеткен тілшілердің хабарлауынша, оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Ол өмірімен қош айтысу үшін зәулім үйдің 16-қабатына көтеріліп, секіріп кеткен деген болжам айтылуда.
Ал көршілер жантүршігерлік жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр. Белгілісі, марқұм бұл үйде тұрмаған. Тағы бір анығы, оқиға орнында қыздың күртешесі мен сөмкесі қалған.