Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына барды
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.
Сондай-ақ, "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Биылғы шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады. Пленарлық сессиядағы Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзін "Хабар 24" телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен шамамен сағат 20:00 мен 21:00 аралығында көре аласыздар. (нақты уақыты қосымша хабарланады)», - дейді Берік Уәли.