Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Ресей астанасы Мәскеудегі сұлулық салондарының біріне келген әйел қызметкерлерді қайран қалдырды. Ол мысығының ернін үлкейтіп беруді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасаған Oinet.kz порталы хабарлайды
«Жануарлардың да әдемі болуға құқығы бар. Оның басқа мысықтарға ұнағанын қалаймын», - дейді әйел басылым жариялаған видеода.
Алайда салон әкімшісі жануарларға мұндай қызмет түрі көрсетілмейтінін айтқаныман, клиент айтқанынан қайтпай, шу шығарған.
Салон қызметкерінің айтуынша, артынша салонға келген тағы бір клиент мысықты қорғап, оны полиция келгенше иесіне бермеуді сұраған. Осы кезде ашуға булыққан әйел әкімші мен клиентке жұдырық ала жүгірген. Мұнан кейін мысығын тартып алып, қашып кетіпті.
Десе де басылым бұл тек сұлулық салонындағылардың нұсқасы екенін атап өтті.
«Редакция аталған жағдайдың пранк немесе қойылым болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», - делінеді басылымда.