Нұр-Сұлтандық мұғалім қалай ай сайын 380 мың алып отыр?

Oinet.kz 30-09-2019 1005

image.png

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

Нұр-Сұлтанда №76 мектеп-гимназияда жұмыс істейтін Шынар Берденова ай сайын 380  мың алып отырғанын айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шынар Берденова бес жыл бұрын Қостанай қаласынан ауысып келген. Сол жақта жүргенде "Назарбаев зияткерлік мектептері" автономды білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің бірлескен бағдарламасына қатысып, кәсіби біліктілікті көтеруге арналған үш айлық курстан да өтті. Соның арқасында 30-100 проценттік үстемеақы алуға мүкіндік болған. Ол екінші деңгейден өтіп, 70 проценттік қосымша ақы алды.

"Әлі есімде, біз ол бағдарламаны желтоқсан айында бітірдік. Ал келесі жылы қаңтар айынан бастап айлығымызға 70 проценттік үстемеақы қосылды. Сонда бұрыңғы жалақымызға 50 мың теңгедей қосымша ақша берілді",- дейді Берденова.

Ұстаз бұрынғы жерде бала саны да, сабақ уақыты да аз болғанын айтты. Ал астанаға ауысқаннан кейін жүктеме көбейді. Жалақы да көтерілді.

"Қостанай қаласында ең көбі 24 сағат болды. Ал осы мектепке ауысқаннан кейін 36 сағатты алып отырмын. Бес жылдан бері солай жұмыс істеймін. Мен өзім жоғарғы санатты мұғалім болып келгенмін. Өткен жылы аттестацияны өтіп, шебер-педагог санатын алып шықтым. Тест тапсырдым. Жетістіктерім де осы санатқа сәйкес келді. Еңбек өтілім – 25 жыл", - деп атап көрсетті Берденова.

Шынар Берденова 45 жасында шебер-педагог атанды. Бүгінде 5, 10 және 11-ші сыныптарға сабақ беріп жүр. 36 сағаттың басым бөлігі жаңартылған білім мазмұны бойынша өтеді. Келесі жылы оған 11-сыныптар да қосылады.

"Негізі, жаңа білім мазмұнын балалар жақсы қабылдап жатыр. Енді, ең бастысы оқушыларды еш қиындықсыз жаңа бағдарламаға кіргізе білу керек. Ал біз шебер-педагог болғаннан кейін сан алуан әдіс-тәсілдерді іздейміз, қиындықты жеңуге тырысамыз. Сонда балалар бәрін тез түсінеді. Міне, еңбегімізге қарай үкімет те мұғалімдерді қолдап жатыр. Мен өзім ризамын", - дейді Берденова.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі өзінің жалақысын да ашып берді. Оның қазіргі айлығы -  188 000 теңге. Аттестациядан кейін 94 000 теңгедей ақша қосылады. Бұдан бөлек, жаңа білім мазмұны үшін төленетін 30 проценттік үстемеақы тағы бар. Оның көлемі – 51 000 теңге.

"Сосын менің Кебридж бағдарламасы бойынша алатын 70 процентім бар ғой. Ол бес жылға есептелген. Биыл желтоқсан айында ол ақша тоқтайды. Дегенмен, осы жылы қосылып отырған ақша соны жабады екен. Сонда менде ешқандай минус болмайды. Жалпы, 380 000 теңгедей шығады. Сосын мен Абайтану кабинетін жүргіземін. Оған да 5 000 теңгеден астам ақша аламын", - деді Берденова.

Мұғалімнің айтуынша жұмыс барысында қағазға, бояуға және тағы басқа кеңсе заттарына ақша шығарудың қажеті жоқ. Себебі барлығы мектептің өзі сатып алып береді. Соның арқасында жалақыны толығымен отбасыға жұмсауға мүмкіндік бар

"Мен өзім сабақтан кейін үйіме бара жатқанда, немесе, бос уақытта өз-өзіме есеп беріп отырамын. Бүгін балаларға не үйреттім? Педагог ретінде оларға не бердім? Ол да керек нәрсе екен. Сосын бізде балалардың жетістіктеріне қарай сыйақы беріледі. Бұл да жақсы мотивация. Мысалы, 60 мың теңгеге дейін сыйақы алуға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Берденова.

Шынар Берденова 25 жыл бұрын болған отандық білім саласын да еске алды. Оның айтуынша, бас кезінде өте ауыр болды. Қазақ тілі мұғаліміне сұраныс та төмен болған. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Шынар бұрынғы қиыншылықтарға қармастан, өз таңдауын өзгерткен жоқ. 

WatsApp-тағы сөздері үшін ұзақ мерзімге сотталғандар мен олардың туыстары аштық жариялады
Мемлекет басшысы Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу