Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Балалар – бұл әрбір шаңырақтың шамшырағы, қоғамның құнды қазынасы, ертеңгі күннің тірегі, әрі келер келешектің келбеті. Десе де, бүгінгі қоғамда жанашыр жақыны, тіреу болар туысы жоқ талай бүлдіршін өмірдің қатал өткелдерін бастан кешіруде. Оларға қоғам болып қолдау көрсету, әрі шаттық шуағына кенелту – адам болмысындағы құнды қасиет парасаттылықтың жарқын көрінісі.
Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Мейірімділік нұры» акциясы шеңберінде Арыс қаласында «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» бүлдіршіндерімен рухани кездесу өтті.
Игілікті шараның негізгі мақсаты – балаларға мейірім сәулесін себу, олардың өмірге деген ынта-жігерін арттыру және қоғамға деген берік сенімін қалыптастыру.
Игі шарада Департаменттің жеке құрамы мен қызметкерлері 7 жанұяны құрайтын 62 жеткіншекпен жақын танысып, олардың ой түкпіріндегі асқақ армандары мен өмірлік мақсаттары жайында ашық әңгіме жүргізді.
Танысу барысында балалар сахналық қойылым қойып, өздерінің өнері мен дарынын ортаға салды. Өмірмен өрілген өлең-жырларын оқып, анаға деген сарқылмас сағыныштан туған әуезді әндерін шырқады.
Ізгілік жолындағы акцияда бүлдіршіндердің тума таланттық қасиеттерін жоғары бағалаған Департамент қызметкерлері балаларға шығармашылық шеберліктерін жетілдіруге қажетті музыкалық аспаптар мен әрбір отбасыға ой-өрісін дамытуға мүмкіндік беретін түрлі ойын құралдарын табыс етті.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Х.Көшқалиев балалар – бұл өмірдің сарқылмас сыйы екендігін тілге тиек етіп, балалар ауылындағы әрбір бүлдіршін Департаменттің 7 басқармасының жіті назарында болатынын және олармен бірге әр ай сайын өңірдің тарихи-мәдени орталықтары мен демалыс орындарына экскурциялық кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.
Алдағы уақытта Департаменттің бастамасымен Арыс ққаласындағы балалар ауылының бүлдіршіндерімен жиі кездесулер ұйымдастырылып, «Мейірімділік нұры» акциясы аясында өз жалғасын табатын болады.