Елжан Біртанов дәрігерлер мәртебесі туралы заңға қатысты пікір білдірді
Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер мәртебесі туралы заңға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң жобасы әзірге болмайды. Оның себебі - біз қазіргі уақытта денсаулық сақтау бойынша арнайы кодекс әзірлеп, Парламентке тапсырып жатырмыз. Кодекстің деңгейі заңға қарағанда жоғары болады. Сонымен, дәрігерлердің және медициналық қызметкерлердің мәртебе бойынша ұсыныстары жаңа кодекс жобасына енгізілді. Кодекс жобасын талқылау барысында соңғы жағдайлар көтерілген. Дәрігерлерден, қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар келіп жатыр. Ол да түсінікті. Парламенттің ішінде бұл мәселені талқылаймыз», - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында.
Елжан Біртановтың айтуынша, өткен аптада Үкімет қажетті қаулыны қабылдаған.