Алматыда жаңа туған сәбиін 400 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды

Oinet.kz 27-09-2019 929

image.png

Алматы қаласында 23 жастағы әйел өзінің жаңа туған ұлың саудаламақ болған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол баласын сататыны туралы жақындарына хабарлаған. Клиент бірден табылған. Бұл ақпарат құқық қорғау органдарының құлағына да жетті. Келіншек кеше түнгі 23:00-дер шамасында Медеу ауданында баласын сатып 400 теңге алып жатқан жерінен ұсталды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Данияр Мендебаев.

1 айлық нәресте балалар үйіне жіберілді. Ал анасы ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлімімен жауапқа тартылады.

«Екінші баласын ол некесіз туған. Әйел өзінің істеген қылмысын мойындады. Ақша заттық айғақ ретінде іс материалына тіркелді», - деді подполковник Данияр Мендебаев.

Кәмелетке толмағандарға жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Газға уланып қалған қостанайлық ерлі-зайыпты зейнеткерлер көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу