Газға уланып қалған қостанайлық ерлі-зайыпты зейнеткерлер көз жұмды
Қостанай қаласында ерлі-зайыпты зейнеткерлер табиғи газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тұрғын үй ішінен 1939 және 1938 жылы туған зейнеткерлердің денесі табылды. Олар алдын ала болжам бойынша табиғи газға уланып қалған», - делінген Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Оқиға Абай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында болған. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.