Волонтерлерлік жұмысты еңбек өтіліне қосып, оларды қолдау орталықтары құрылмақ

Oinet.kz 27-09-2019 1057

Картинки по запросу Волонтерлік қызмет

Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңесте волонтерлер жылы аясында өтетін волонтерлік жобаларды үйлестіру үшін бірыңғай жобалық кеңселер мен волонтерлерді қолдау орталықтары туралы айтылды. Волонтерлік қызметке азаматтардың қатысуы кеңейтіліп, корпоративтік волонтерлік жобалар жүзеге асырылады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Толықтай алғанда, жоспарда Қазақстанда волонтерлікті дамытудың 7 бағытын жүзеге асыру көзделген. Біріншісі - волонтерлік қызметті дамыту үшін қолайлы ортаны дамыту. Бұл бағыт аясында волонтерлік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеу жоспарланған. Колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу барысында волонтерлік қызметті есепке алу нормасы ұсынылады. Сондай-ақ еңбек өтіліне волонтерлік жұмыс тәжірибесін қосу бойынша да норма әзірлейміз. Волонтерлік қызметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін бағалау әдістемесі жасалады. Ол одан ары статистикалық есептерге енгізіледі», - деді ол елордада өткен Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында.

Отандық журналист «Томиристі» қазақша көрсетуді талап етті
Балықшы 1 432 030 000 теңге тұратын балық ұстап алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу