Өзбек елінің «Тандыр наны» Оскарға ұсынылмақ

Oinet.kz 26-09-2019 1129

Screenshot_18.jpg

Алғаш рет өзбек халқының кинотуындысы «Оскар» премиясының «шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылмақ, деп хабарлады BAQ.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

«Узбеккино» агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың «Ыстық тандыр нан» деп аталатын фильмі әйгілі премияның номинациясына ұсынылған. 

Кейіннен белгілі болғандай, Өзбек елінде «Оскар» комитетінің үйлестіруші орталығы болып саналатын Өзбекстан Ұлттық кинокомиссиясы отырыс ұйымдастырып, мәселені талқылаған. 

«Талқылау нәтижесінде «Оскар премиясының «шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына Умид Хамдамовтың «Ыстық тандыр нан» деп аталатын толықметражды көркем фильмін ұсыну туралы ресми түрде шешім қабылданды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Аталмыш агенттіктің деректеріне сүйенсек, кинотуындыда кишлактан кетіп, қалада жұмыс істейтін анасына баруды армандайтын жасөспірім қыздың өмірі көрсетілген.

Қыркүйектің басында «Ыстық тандыр нан» фильмі Анапада өткен 28-ші «Киношок» фестивалінің бас жүлдесі – «Алтын лозаны» жеңіп алған.

Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатын болды?
ФИФА басшысы Криштиану Роналдуға неге өкпелі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу