Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатын болды?
Қытай халық республикасының құрылған күні аталып өтпек. Соған орай, Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін 1-3 қазан аралығында жауып тастайды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚХР-дың құрылған күні – осы елдің негізгі мемлекеттік мейрамы. Мереке жыл сайын аталып өтеді. 1949 жылы Бейжің қаласындағы Тяньаньмэнь алаңында Қытай халық республикасының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бас кезінде осы мейрамда жыл сайын әскери шерулер ұйымдастырылды. Мәдени революцияның нәтижесінде мұндай шаралар тоқтатылған болатын. Дегенмен, 1984 жылы қайтадан қолға алынды. 2009 жылы өткен соңғы әскери шеруде Қытай әскери техниканың соңғы үлгілерін көрсетті.
Бұл мейрам кезінде Қытайда бір апта бойы демалыс болады. Қала көшелерінде гүлден сан алуан композициялар жасалып, мерекелік шаралар мен от-шашу болады.
Алайда, әуе және темір жол қатынасы жабылмайды. Ал 4 қазанда адамдар мен жүктерді өткізу жұмысы қайта басталады.