Пара алған жаңақорғандық шенеунікке 30 миллион айыппұл салынды
Жұмысқа орналастырғаны үшін 600 мың теңге пара алған шенеунікке 30 миллион теңге айыппыл салынды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы А. Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Айыпталушы К.Берженбаев деген азаматтан аталған КММ маманы ретінде жұмысқа орналасқаны үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.
2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.
Сондай-ақ, К. Берженбаевқа да пара бергені үшін 9 млн.теңге көлемінде айыппұл салу жазасы белгіленді.