Бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаржы ұрлаған шенеунік өз бизнесін жүргізген

Oinet.kz 24-09-2019 867

image.png

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары қылмыстық жолмен 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын біреулермен бірлесіп жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық қаржы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты тергеуді бастады. Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілініп отыр. Ол Петропавл қаласында бизнес жүргізу үшін 286,5 млн теңге сомаға жылжымайтын мүлікті (әкімшілік үй-жай мен іргелес жер учаскелері бар қоғамдық тамақтану ғимаратын) сатып алу арқылы ұрланған бюджет қаражатын заңды айналымға енгізбек болды деп айыпталуда. 

Күдікті деп танылған лауазымды тұлғаның 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын біреулермен бірлесіп жымқырды деген күдік бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сот аталған қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты алдын ала «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 22 адам жапа шекті
Әнші Луина мен жұбайы Артем үйлену тойына қанша қаржы жұмсады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу