Динара Сұлтан неге әке-шешесінің ажырасуын қалады?
Танымал әнші, 5 баланың анасы Динара Сұлтан ата-анасының арасындағы кикілжің туралы «Оңай емес» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі.
Әншінің айтуынша, әке-шешесінің арасындағы ұрыс-керіс жиі болып, ақыры ажырасуға апарған.
«Мамам менің әдемі әйел. Көп жерлерде көрініп қалады. Мәдениет саласында жасаған. Содан папам түсінбеген шығар. Біз әкемізбен араласып тұрамыз әрдайым. Әкем туралы анам ешқашан жаман сөз айтпаған», - дейді әнші Динара Сұлтан.
Тіпті ол отбасындағы жанжалдың кесірінен әке-шешесінің ажырасуын да тілеген екен.
«Мамалар ұрсып, қырылып жатқан кезде мен айтатын едім, «мынадай балалық шақ, ұрыс-керісті көргенше, осы сендердің айрылысып кеткендерін дұрыс сияқты». Енді 10 жылдан кейін айрылысып кетті», - дейді әнші.
Бағдарлама барысында әнші шын мәнінде олардың бірге болғандарын қалайтынын айтып жылап қалды.
«Әкенің орнын ешкім толтырмайды. Әкесінің орны бөлек, әкемнің қасында... Әр бала әке мен шешесінің бірге болғанын қалайды ғой», - деп жылап қалды Динара Сұлтан.