Автобустағы қарияның әңгімесі бізді жылатты
08-01-2024
Ақмола облысы Степногор қаласының Бестөбе кентінде 72 жастағы қария көлігімен 15 жасар мотоцикл айдаған жасөспірімді соғып өлтірді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары кешкі сағат 18:40-та Бестөбе кентінің 72 жастағы тұрғыны «Mitsubishi RVR» көлігімен «Racer» мотоциклін тізгіндегін 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткенін анықтады. Зейнеткер Мир көшесінен Покрышкин көшесіне бұрыла бергенде мотоциклге жол бермеген. Осының салдарынан 15 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмса, оның жолаушысы 16 жастағы мектеп оқушысы жабық миы жарақаты, бұғана сынығы сияқты түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Автокөлік жүргізушісінің ішімдік ішпегені анықталды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.