Жанқош Тұраров шаршы алаңға қашан оралады?

Oinet.kz 20-09-2019 1443

Картинки по запросу Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров ағымдағы жылдың 22 қарашасында Лондондағы «York Hall» спорт орталығында «MTK Global» компаниясы өткізетін «Golden Contract» бокс турнирінің бірінші орта салмақтағы жекпе-жегіне қатысады, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасы хабарлағандай, бокс кешіне жеті боксшы қатысатынын растаған. Олардың ішінде қазақстандық Жаңқош Тұраров та бар. Одан бөлек, турнирде Охара Дэвис, Тайрон МакКенн, Аким Эннис Браун, Мохамед Мимоуна, Энтони Йигит пен Даррен Суртис өнер көрсетеді.

Айта кетейік, аталмыш турнирде боксшылар өз қарсыласының есімін айқасқа бір апта ғана қалғанда біледі. Турнирді америкалық ESPN мен британдық Sky Sports телеарнасы көрсетеді.

МӘМС жүйесі бойынша, 531 997 азамат қамтылды
Ақмолада 72 жастағы қария 15 жасар жасөспірімді мерт қылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу