Тек адал ас ішкен адам
06-11-2023
Алматы қаласы әкімдігінің асханасындағы бағалар туралы журналист Жарас Ниязбеков өзінің Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі.
Асханаға келуші қонақтар бірінші тағамдарды 180-220 теңгеге, екінші тағамдарды 290-дан 510 теңгеге дейін сатып алады екен. Ал салқын тағамдарды 50-ден 200 теңгеге, гарнирлер мен тұздықтар, диеталық тамақтану тізімі тіпті қол жетімді бағада жазылған.
Қарапайым халық мұндай бағаға таңқалып, жарыса пікір қалдырып жатыр.