​"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Oinet.kz 19-09-2019 790

Screenshot_15.jpg

"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсының жеңімпаздары 2020 жылы "Алғыс айту" күні қарсаңында анықталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Аталған брифинг барысында конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 2 қыркүйектен бастап 29 қарашаға дейін қабылданатындығы, сондай-ақ, өнімдерді іріктеу жұмысы биылғы жылдың желтоқсан айында жүргізілсе, конкурстың жеңімпаздары 2020 жылдың ақпан айында "Алғыс айту" күні қарсаңында анықталатындығын Қазақстан Іскер Әйелдері Қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша мүшесі Эльмира Созақбаева мәлімдеді. 

Баспасөз жиынында берген мәлеметінше конкурсқа әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген, өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алатындығы және де мемлекеттің қолдауымен көрсетілген қайырымдылық шаралар конкурсқа қатыса алмайтындығы белгілі болды. 

"Жобаның мақсаты қайырымдылық идеяларды іріктеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту болып табылады. Бұл байқауға әлеуметтік қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүргендерді жеке және заңды тұлғалар қатыса алады", - деді Қазақстан Іскер Әйелдері Қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша төрайымы Эльмира Созақбаева. 

Жалпы конкурс ережесі бойынша бес номинациядан тұрады. Атпа айтсақ "Асар"," Туған жер", Батыл жүрек", "Мейірім жолында", "Қайырымдылық Тарихы" атты номинациялардан тұрады. Аталған номинациялар бойынша өтінімдерді жолдауға болатындығы жайында айтылды. 

"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсының ұйымластырушылары ҚР Тұңғыш Президент - Елбасы қоры, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы, "Хабар" агенттігі, "КТК" Республикалық арнасы және "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені. Конкурс жеңімпаздары "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама алып, сондай-ақ жыл бойы БАҚ арқылы жасаған жұмыстары насихатталатын болады.

Шымкентте көгілдір отыны жоқ көпқабатты 30 тұрғынүй бар
Түрмеге ұялы телефон мен насыбай алып кіріп, есірткі таситындар бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу