Түрмеге ұялы телефон мен насыбай алып кіріп, есірткі таситындар бар

Oinet.kz 20-09-2019 1077

Картинки по запросу түрме

Атырауда түрмеге телефон мен насыбай алып кірмек болған газ құбырын жөндейтін азамат ұсталды, - деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Газ құбырын жөндеуші жалдамалы жұмысшыны тінту кезінде іш киімі мен сөмкесінен 3 ұялы телефон және SIM-карта, насыбай салынған екі қалташа тәркіленді. Тәркіленген материал әкімшілік сотқа жолданды», - делінген комитеттің мәліметінде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында түзету мекемесінің қоршауынан 90 грамм есірткі асыру әрекетінің жолы кесілген.

«Түнгі сағат 22.00 шамасында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол түзету мекемесінің қоршауынан 90 грамм марихуана асырып лақтырған кезде қолға түсті. Мемекенің жеке құрамы қырағылық танытқанның арқасында заңсыздықтың жолы кесілді. Жыл басынан бері қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері түрмелерге рұқсат етілмеген зат кіргізудің 310 әрекетін анықтаған. Көбінесе ұялы телефон, есірткі, ақша және ішімдік тәркіленді», - дейді ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

​"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
МӘМС жүйесі бойынша, 531 997 азамат қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу