Шымкентте көгілдір отыны жоқ көпқабатты 30 тұрғынүй бар

Oinet.kz 19-09-2019 855

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласында табиғи газ жүргізілмеген көпқабатты 30 тұрғынүй бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Шымкентте өткен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлім болды. 

Аталған департамент бастығының мәліметінше, Шымкент қаласында газ балонын қолданатын көпқабатты 30 тұрғын үй бар көрінеді. Департамент пен әкімішілік қызметкерлерімен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлерге газ балонын қолдануға болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтқан Нұрболат Дербисов. Тәуке хан даңғылындағы 9,10 көпқабатты үйлер және Темірлан тас жолындағы, Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің барлығында кезінде нормативтік құрылыс нормаларына сәйкес ол жерде тоқ жүйесі жүргізіліп, бірақ табиғи газ жүйесі жүргізілмегендігін айтты. 

"Электр энергиясының бағасы қымбат болуына байланысты көпшілік үйлерде газ балон пайдаланады. Бұл мәселе бойынша соңғы үш жылда үлкен ауқымды жұмыстар жасадық. Ол көпқабатты үйлерге газ тасымалдайтын техникаларға дейін тыйым салған болатынбыз. Қала әкімі Ерлан Қуанышұлы алдында төтенше жағдайлардың алдын алу жиынында мен осы мәселені көтерген болатынмын. Модернизация бойынша газ жүргізу мәселесін, егер сол жерге біз газ жүйесі жүргізетін болсақ мүмкін бұл қауіптің алдын аламыз деген біраз үмітіміз бар», - деді Шымкент қаласы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов. 

Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар депатаментінің берген мәліметінше, Шымкент қаласында өрт жағдайы бүгінгі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Жыл басынан бастап 161 өрт тіркелген, оның салдарынан 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Ал, 2018-2019 жылдар аралығындағы жылу беру маусымында 6 газбен улану оқиғасы тіркеліп, осының салдарынан 8 адам қайтыс болған, 1 адам жарақат алған. 

Айта кету керек, оқыс-оқиғалардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарының үгіт-насихаттау жұмыстарына биылғы жылы 17 млн. теңге қаржы бөлінген.

Кезектегі тұрғындарды баспанамен қамту үшін қазір 132 нысанның құрылысы жүргізілуде
​"Қайырымдылық керуені" ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу