Айқын Төлепберген «Air Astana» ұшағындағы заңсыз әрекетті әшкереледі
Танымал әнші Айқын Төлепберген өзінің Instagram желісінде «Air Astana» ұшағындағы бағаларға көңілі толмайтынын айтты. Онда бизнес орындықтардың үнемдеуші орындықтардан еш айырмасы жоқ, алайда бағасы 3 есе қымбат екенін жазып шағымданды, деп хабарлайды OINET.KZ.
«@airastana_kazakhstan маған тағы да ренжитін шығар. Бірақ мен үндемей тұра алмаймын. Бизнес класс деп сатқан орындықтардың түрі эконом орындықтары сияқты, бұны заңсыз деп ойлаймын. Орындықтарда айырмашылық жоқ, ал бағасы 92400 тг. Ал экономның бағасы 29000 тг. Тек қана тамақтың арасында айырмашылық бар. Сонда біз тамаққа 63000 тг төлейміз. Бек эфр, Скат, Fly Arystan деген ұшақтардан 5-10 мың теңге аййырмашылық істеңіздер. Бірақ 92400 тг мынандай орындық пен қызмет үшін тым асыра сілтеушілік», - дейді әнші Айқын Төлепберген.