Мұхаммед пайғамбардың соңғы елшісі – Махди пайда болды

Oinet.kz 19-09-2019 1277

Сурет zakon.kz сайтынан алынды

Өзін Мұхаммед пайғамбардың соңғы ізбасарымын деп таныстырған Бішкек қаласының тұрғыны Мээрим Черикбаева елді таңғалдырды. Махдидің аурасымен өмір сүретін туыстарымен де араласуды қойған, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

33 жасар Мээрим Черикбаева ел қатарлы өмір сүріп, біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан. Бірақ 8 жыл бұрын ол бегісіз дертке шалдығып, қатты ауырады. Дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмаған. Осы уақыт аралығында қыз ешкіммен сөйлеспей, тіпті жұмыс істеуге жарамай қала сыртына көшуге мәжбүр болыпты. 

Мэрримге 2015 жылы оған аян беріліпті. Түсінде оның маңдайына "Махди" деген сөз жазылып, қасына қара, үлкен мөр басылыпты.

"Ондай мөрді маған ғана басқан, сол кезден бастап мен Махдидің аурасымен өмір сүремін. Бұрын намаз оқушы едім, қазір оны қойып кеттім. Сол түсті көргеннен кейін. Намаз оқып жүргенімде маңдайымнан жарық сәуле шығатын. Қазір ол жоғалып кетті", — дейді Мээрим.

Ол өзінің 8 жыл бойына жападан-жалғыз тұрғанын айтады. Махди аурасы берілгелі ол тіпті, достарымен де, туған-туыстарымен де сөйлесуді қойған. Өйткені ол көз тие ме деп қорқады екен, сондықтан адамдарға көп жақындай алмайды.

Күйеуінің қорлығынан шаршаған Елена балаларын тастап қашуға мәжбүр болған(видео)
Рысбек Аташ: «Жанар менен «Нұржанмен кездестірші» деп өтінді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу