Лашын мен бозторғай хикаясы (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 1116

торғай.jpg

Бір күні қырғи бозторғайды қуып келе жатады. Торғай жан сауғалап, Мұхамбет пайғамбарға келді.

– Ей, Алланың елшісі, мені жасыр, лашыннан құтқар, – деп өтінді. Пайғамбар шапанын ашып, бозторғайды қолтығына жасырды. Артынша лашын келді:

– Ей, Мұхамбет, бүгін Алла маған бозторғайды ризық етіп берді. Сен оны неге жасырасың? Жемтігімді қайтар өзіме, – деді. Пайғамбар:

– Ол менен пана тілеп келді. Сондықтан бере алмаймын. Бозторғайдың орнына қойдың етін ал, – деді. Лашын көнбеді.

– Қаласаң сиырдың, түйенің етін ал. Торғайды бір жолға босат, – деді. Лашын алған бетінен қайтпады. Пайғамбар:

– Енді не жейсің? – деді. Лашын:

– Екі көзіңді ойып бер, соны жеймін. Торғайды босатамын, – деді. Пайғамбар торғайға қарап:

– Сенің тәтті өмірің үшін, менің көзім құрбан болуға жараса, алсын! – деп, лашынға көзін тосады. Сонда лашын Әзірейіл, бозторғай Жебірейіл періштеге айналып шыға келеді.

– Алланың сүйікті досы, сен шын жомарт екенсің. Ұлық Алла: «Мұхамбеттен асқан жомарт жан жоқ» деп мақтанушы еді. Соны сынамақ болдық. Өзіңнен пана тілеген бозторғай үшін көзіңді құрбан қылдың. Мәрттігіңе тәнтіміз, – депті.

«Отбасы хрестоматиясы»

Бал арасының ұясын бұзба (аңыз)
Ішірткінің пайда болуы (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу