Күйеуінің қорлығынан шаршаған Елена балаларын тастап қашуға мәжбүр болған(видео)
КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына Елена есімді келіншек жүгінді. Әйел адамның сөзінше, күйеуі оны таяқтың астына алып, бірнеше рет қолын сындырған. Сөзге келместен киімдерін алып, үйден кеткен әйелдің қазіргі бар арманы балаларымен қайта қауышу екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz
Күйеуінің табалауынан шаршап, үйінен безіп кеткен Елена бүгінде Шымкент қаласының дағдарыс орталығын паналап жүр.
Оның ендігі басты арманы - үйінде қалған балаларымен қайта қауышу.
Алайда оның сөзінше, күйеуі оған балаларын көруге рұқсат бермей жүр екен.
"Мен енді шыдай алмаймын. Осымен 5 рет қолымды сындырды. Бірінші рет оқтаумен сындырды...
3-4 күн үйден шығармайды. Күшік сияқты бұрышқа отырғызады. Бір рет ұрады, сосын тұра алмайсың. Арасында келіп тебеді.
"Мамаңа звондап, бізге бір қап ұн, бір қап құмшекер әкеліп, су-светке төлесін деп айт" деді. Мен "қалай маманан сұраймын, қойшы", - деп едім, ұрды", - дейді ол.
12 жыл шаңырақтың отымен кіріп, күлімен шыққан Елена кезінде мұсылмандықты қабылдап, азан шақырып, Айгүл есімін алыпты.
Студияға келген Айгүлдің күйеуі жұбайының қолын әдейілеп сындырмағанын және қызғанышпен оған қол көтеріп тұратынын сөз етті.
Әйел адамның сөзінше, оның күйеуі жұмыссыз жүріп, ащы суға құмартады екен.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында белгілі болғандай, Елена бұған дейін тұрмыста болған және бірінші некесінен үш бала туған.
Көршісінен жүкті болып қалған келіншек күйеуіне басқа адамды сүйетінін және сонымен бірге болғысы келетінін айтыпты.
Ер адам мұндай қасіретті көтере алмай дүниеден озған. Ал әйел адамның екінші күйеуі өгейлігін істеп, балаларды сәбилер үйіне тапсырған.
Оған қоса әйел адамға оларға барып тұруға рұқсат бермепті.
Анасы мен балалардың қауышуына кедергі болып жүрген ер адамды бағдарлама қонақтары қатаң сынға алды.
Видео мына сілтемеде