Білім министрі көп балалы аналарға қандай көмек көрсетеді?
Көпбалалы аналар білім алғысы келсе, оларға министрлік тарапынан квота бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы білім және ғылым министрі.Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстыру кезінде айтып өтті, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі sputniкnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жоба халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған аналар үшін білім грантын беру бойынша квота бөлуді көздеп отыр.
"Көпбалалы аналар үшін арнайы квота болады деп жоспарлап отырмыз. Егер олар жоғары білім алу үшін оқуға түскісі келсе, оларға квота бөлуіміз керек. Қазір масылдыққа жол бермеу, жұмысқа тарту жайлы көп айтып жүрміз ғой. Осы тұрғыдан алғанда, бұл маңызды іс-шара деп ойлаймыз", - деді Асхат Аймағамбетов