Әблязов пен Храпуновты Қазақстанға беріп, экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында миллиардтаған ақшаны жымқырғанын атап өтті. Қазіргі таңда оларды Қазақстанға беріп, экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта аталған тұлғалар тұрып жатқан мемлекеттердің құзырлы органдары арқылы жұмыс жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қылмыстық қудалау жалғасуда. Біздің мемлекеттің аумағында Әблязовқа қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар. Ол экономикалық қана емес, жалпықылмыстық қылмыстар бойынша сотталған", - дейді Ахметжанов.
Енді ведомство оларға қатысты іс материалдарын шетелдік құқық қорғаушыларға жібермек.
"Егер бермесең, өзің сотта" деген ұстаным бар. Сол жақта оларға қатысты шешім қабылдануы үшін, тиісті органдарға белгілі бір материалдар жіберіледі", - дейді бас прокурордың орынбасары.