Актриса Шолпан Елгезекова апат алдында хат жазып қалдырған

Oinet.kz 18-09-2019 2095

Screenshot_4.jpg

Өткен жылы Жаңа жыл қарсаңында жол апатынан белгілі актриса Шолпан Елгезек 45 жасында көз жұмды. Шолпан қайтыс боларының алдында соңғы хатын жазып кеткен екен деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Евразия Бірінші арнасының "Бір сұрақ" ток-шоуына сілтеме жасап.

«Қымбатты Алла тағала! Жазбағаным үшін кешірші. Бірақ мен сені әруақытта ойлаймын. Мен сен үшін өмір сүремін, қуанамын. Мен бүгінгі және өткен күнім үшін рахмет айтқым келеді. Мені рухани дамытып жатырсың. Маған бұл қатты ұнайды. Мен бақытты адаммын. Осындай бақыт берген құдайға рахмет айтамын. Ата-анам, ата-әже, құрбыларым, әріптестерім, достарым және өмірімде болған барлық жандарға алғыс білдіремін. Егер кімде-кімді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мен барлығыңызды кешірдім. Мен енді құдаймен біргемін. Ол ішкі жан-дүниемді тазалайды. Менің жүрегім барлығына ашық. Бойымда махаббат бар. Құдайым мен сені қатты жақсы көремін. Мен күштімін. Өйткені сен мені осылай жараттың», – деп жазған хатында. 

Хатты оқыған әкесі мен анасы көздеріне жас алып, марқұм қыздары туралы сыр шертті. Бағдарлама кезінде марқұмның анасы қызының өмірін қиған көлік жүргізушісін өмірбақи кешірмейтінін айтты. 

Тәуекел Мүслім жаңа сүйіктісі туралы айтты
Әблязов пен Храпуновты Қазақстанға беріп, экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу