Шамалғанда көпір 2020 жылы салынатын болды

Oinet.kz 16-09-2019 1032

Screenshot_8.jpg

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы көпірдің құрылысы 2020 жылы басталатынын мәлімдеді. Алайда ол автобус пен пойызбен соқтығысқан жерде салынбайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ге сілтеме жасаған Oinet.kz.

"Біз өткелде көпір салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз. Бірақ, көпір дәл осы өткелде емес, жер үйлер азырақ сүрілетін аумақта салынады. Құрылыс орнын түбегейлі анықтау керек", - деді Скляр.

Министр дәл сол аумақта көпір салу үшін сол жердегі 70-ке тарта жеке үйді, 2 жанар-жағармай бекетін сүру керек екенін, бұл үлкен бюджеттік шығын екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жобалау 3-4 айға созылады, содан кейін құрылыс жұмыстары басталады.


Жанар Хамитова дүниеден озды
Алматыда автокөлік жаяу жүргіншілер жолында екі студент қызды қағып өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу