Майя Манеза 50500 теңге айыппұл төледі
Олимпиада чемпионы, спортшы Майя Манеза Volkswagen көлігімен Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Майя Манезаның айыбы толығымен дәлелденді. Осылайша судья оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметі.
Сот барысында спортшы өзінің кінәсін мойындады.