Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қытайға жеке өтінішін білдірді

Oinet.kz 13-09-2019 929

8DC63BDE-C747-4A07-936B-F449F341DEF4.jpeg

Қытайға мемлекеттік сапармен жүргелі жатқан кезінде президентке Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова өтініш жазған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жеке өтінішін жеткізді. Бұл туралы бүгін президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Оның айтуынша, Қытайға жол жүргелі жатқанда мемлекет басшысына Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен.

"Осыған орай президент Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мемлекет басшысы өз тарапынан үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы пункт ретінде кіретін болады", - деді Нұртілеуов Қазақстан президентінің Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оны Қытай соты алдымен өмір бойғы қамауды шешіп, кейіннен іс қайта қаралуға жіберілген болатын.

Қазақстандық балуан неге Бразилияның атынан күресіп жүргенін айтты
Майя Манеза 50500 теңге айыппұл төледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу