Қазақстандық балуан неге Бразилияның атынан күресіп жүргенін айтты

Oinet.kz 13-09-2019 1058

Картинки по запросу Марат гарипов Бразилия

Нұр-Сұлтанда жан-жақтан жиналған спортшылар әлем біріншілігіне қызу дайындық үстінде. Чемпионатта бағы мен бабы қатар жанғандар 2020 жылғы Токио олимпиадасына жолдама алмақ. Бақ сынасуға келгендердің арасында Бразилияның намысын қорғап жүрген қазақстандық Марат Гарипов та бар деп хабарлайды, oinet.kz тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Балуан өз елінен кету туралы 2010 жылы ойлаған. Және бұған себеп Қазақстанда боксшылардың арасындағы бәсекелестік екен.

"Қазақстан құрамасы атынан сынға түсу үшін күрделі іріктеуден өту керек. Ел чемпионы атану аздық етеді, өзге елдерде өтетін жарыстарда мықтылығыңды үнемі дәлелдеп жүруің керек. Күрес жақсы дамыған елдердің бәрінде осындай тәртіп. Ал Бразилияда біршама жеңілдеу. Ол жақта чемпионаттарда боз кілемде бес балуан белдессе, Қазақстанда елу адам қатысады. Айырмашылығын көріп отырсыз ғой", - дейді спортшы.

Марат Гарипов Қазақстанның азаматтығынан айрылмаған, алайда Бразилияның спорт азаматтығын алған. Айтуынша, Қазақстанға қайтуға ниеті жоқ.

«Қалаған уақытымда Қазақстанға келе аламын. Бірақ мұнда мені ешкім күтіп отырған жоқ. Бұл жерде өз жұлдыздарымыз жетіп артылады. Бразилияда нөмірі бірінші балуанмын. Құдайға шүкір, әлі күнге солай. Бірақ, жұлдыз емеспін, оның ауылы әлі алыс",- дейді Марат Гарипов.

Қазақстандық азаматтың Бразилиядағы табысы көңілінен шығатын сыңайлы. Қала мэрі жеке үй де сыйға тартқанын айтады.

"Табысым жақсы. Егер Бразилия чемпионы болсаң, саған 300 доллар төлейді. Панамерика чемпионатында жеңіске жетіп, үздік үштікке енсең, 500 доллар аласың. Әлемдік рейтингте үздік 20 спортшының қатарына кіргендерге 1000 доллар төленеді. Ал егер ТОП-15-те болсаң, 2000 доллар, алғашқы үштіктегілерге – 5000 доллар", - дейді балуан.

Марат Гариповқа Бразилияның ауа-райы майдай жаққан екен. Және Қазақстанға келсе, Бразилияны, Бразилияға барса, Қазақстанды сағынатынын жасырмады.

Атырау облысында мұнайды 2,9 млрд теңгеге заңсыз сатқан
Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қытайға жеке өтінішін білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу