Өзін «әлеуметтік» деп жарнамалаған дәріханаларда дәрінің бағасы удай қымбат

Oinet.kz 12-09-2019 870

image.png

Тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысатын ұйым мамандары қаладағы ең ірі әрі танымал дәріханалардағы көп сұранысқа ие дәрілердің бағасын салыстырды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер өзін әлеуметтік деп көрсететін дәріханаларда өзгелеріне қарағанда баға қымбаттау екеніне таңғалды. Сонымен қатар қалада дәрі-дәрмектің орташа бағасы айтарлықтай жоғары екені анықталды. Мысалы, «Цитрамонның» бағасы 300 теңгеден басталып, 600-700 теңгеге дейін жетеді. 

«Қаланың орталығындағы дәстүрлі түрде қымбат саналатын, қызмет көрсетуге баса назар аударылған дәріханаларда дәрі бағасы ең арзан болып шықты. Сонымен қатар сатылатын дәрі-дәрмектің сапасы да сауал туындатады. Мысалы, лидокаинді сатып алуда, оның 5 үлгісінің үшеуі елімізде тіркелмеген болып шықты. Яғни олардың құрамы мен сапасын тексеруге келмейді», - дейді ұйымның президенті Светлана Романовская.

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» өкілдері қала тұрғындарының азық-түлік тауарларына қарағанда, дәрі-дәрмекке жиі шағымданатынын айтады. Зерттеу нәтижелері ашық көрсетіліп, тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылады. 

Енді қыз алып қашқан жігіттер аса ауыр жазаланады
Кәсіпкерді 7 бұзақы жабылып соққыға жықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу