Еліміздегі 5 қалада ауа ластанады деп күтілуде

image.png

12 қыркүйек күні Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында және Атырауда түнде жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 31 адамға жетті
  • Асыл Қайсенова өмірден өтті
  • Мемлекет басшысы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды
  • Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болды
  • Қазақстандық студент Қытайдағы жағдайды баяндады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика