Нұр-Сұлтанда 7 жасар баланы ВАЗ автокөлігі қағып кетті
Ұл бала рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болғанда машина қағып кеткен. Оқиға 11 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында болған, деп хабарлады oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«11 қыркүйек күні сағат 11:50-де ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Төлебаев көшесімен келе жатып, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала дене жарақаттарын алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді қалалық жол полиция сының баспасөз қызметі.