Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр

Oinet.kz 12-09-2019 974

6E2C8A27-7C72-497F-BF84-45273E3256FD.jpeg

Елордамыз Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған. Биыл форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өтеді.

«Панельдік сессияларда, салалық басқосуларда қызу талқылаулар өтер деген сенімдеміз. Бұл алаңда маңызды шешімдер қабылданады. Мәселен, өткен жылы 2019-2024 жылғы машина жасау саласын дамытудың Жол картасы, көлік құраушыларға салықтық жеңілдік беру секілді шешімдер қабылданған болатын. Осындай жемісті жұмыстар бүгін жалғасын табар деген сенімдеміз», - деді шараның ашылуында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев. Шара барысында отандық көлік құрау кәсіпорындарының өкілдері «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды. Жыл сайын форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай секілді ірі 20 мемлекеттің делегаттары қатысады. Осылайша, отандық кәсіпорындар елден шықпай-ақ шетелдік әріптестерімен кездесу өткізуге мүмкіндік алады.

Айта кетерлігі, индустрияландыру жылдары машина жасау және металл өңдеу саласында Қазақстанда 130 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 14 мыңға тарта тұрақты жұмыс орыны құрылған. 


Еліміздегі 5 қалада ауа ластанады деп күтілуде
Енді қыз алып қашқан жігіттер аса ауыр жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу