Еден жуатын қызметкерлердің анасымен жасты екенін ескеріп, басшылар кабинеттерін өздері тазалауда
Коллаж stan.kz сайтынан алынды
Мекеме басшыларының арасында «өз жұмыс орныңды өзің тазала» атты эстафета жалғасын табуда. Елордалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің эстафетасын Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов қабыладады, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Осы күннен бастап кабинетімді өзім жинап, шаруашылық басқармасында жұмыс істейтін апайларымызға көмектесемін! Достар, басталған эстафета қабылданды! Бүгін таңертең әріптестерімнен таңертең ерте келіп, жұмыс орнын тазалауға көмектесуді сұрадым.
Бізді бала кезінен ата-аналарға көмектесуге үйреткен. Мекемедегі тазалықшы қызметкерлер аналарымызбен жасты. Ендеше аналарымызға неге көмектеспеске? Менің ойымша, бұл ешкімді жаман етпейді", - деді Смағұлов
Ол қазіргі таңда ешқандай мектепте оқушыларды мәжбүрлеп еден жуғызбайтынын айтады.
"Сондай-ақ, қазақстандық мектеп оқушыларын еден жууға ешкім мәжбүрлемейтінін және басқалардың жұмысын құрметтеуге үйрету біздің қоғамда жетіспейтін мәдениеттің негіздерінің бірі екенін түсіну маңызды. Сондықтан, мұндай бастамаларды ерікті түрде енгізу жалпыға ортақ игілікті іс болар еді. Қазір ол тек елорданың кейбір мектептерінде, ата-аналардың келісімімен іске асып жатыр. Сонымен бірге мен басқа да оң тәжірибелерді енгізу керек деген сыншылармен келісемін. Біз сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз», - Дидар Смағұлов өзінің Facebook желісінде.
Мен біздің бастамамызды жасанды деп санайтындарға қарсылығымды білдіргім келеді. Егер біз өз сөзімізді сақтамасақ - ұят және көпшілік алдында масқара болады", - дейді Дидар Смағұлов.