Айгүл Орынбек: «Балалардың тамағын тартып алдыңдар үндемедік, енді құл жасамақшысыңдар ма?»

Oinet.kz 10-09-2019 2070

Картинки по запросу айгүл орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook желісінде мектепте балаларға еден жуғызып қойғандарды сынға алды. Бұл заңды қарапайым балаларға емес, байдың балаларына шығаруды талап етті, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

image.png

«Жапония еліне ұқсап еден жуу үшін, бірінші мектеп Жапон мектептеріне сай болу керек. Дәретханалары сыртта, жылы суы жоқ мектеп балалары не үшін мұздай сумен еден жууы керек?!

Мен қарсымын, балалардың еден жууына! Онсызда аналары азаннан кешке дейін жұмыста, ауыр сөмкесін көтере алмай шаршап жүрген бала білімді қай уақытта алады ? Балалардың тамағын тартып алдыңдар үндемедік, енді құл жасамақшысыңдар ма? Ондай жүйені ақылы миллионерлердің балалары оқитын мектепке енгізіңдер! Үйінде нянясы, көшеде қасында телохранитель жүретін балалар еңбектің қадірін білу керек. Ал қарапайым мектеп балалары онсызда құлдық, ынжықтық санамен өсіп келе жатыр!» - дейді заңгер Айгүл Орынбек.

Facebook-та 400 миллионнан астам қолданушының телефон нөмірлері желіге ашық жарияланып кетті
Жұлдыз бен Айқын келесі жылы үйлену тойларын дүркіретіп жасамақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу