Facebook-та 400 миллионнан астам қолданушының телефон нөмірлері желіге ашық жарияланып кетті
Facebook әлеуметтік желісінде 400 миллионнан астам қолданушының телефон нөмірлері желіге ашық жарияланған, деп хабарлады Oinet.kz тілшісі TechCrunch басылымына сілтеме жасап.
TechCrunch басылымы, фейсбукта қолданушылардың аты-жөні, жұмыс істейтін жері туралы толық мәліметтер көрсетіліп тұрады. Осыған орай, базаға АҚШ азаматтарының 133 миллион, Вьетнам азаматтарының 50 миллион, Британия тұрғындарының 18 миллион және өзге мемлекет тұрғындарының желі қолданушыларының аккаунты тіркелген деп атап өтті .
Шілде айында АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы қолданушылардың жеке мәліметтері ашық шығып кеткені үшін Facebook компаниясына бес миллиард доллар айыппұл салған. Басылым бұл мәліметтердің ашық жариялануы алаяқтар тарапынан SIM-карталарды алмастырып қоюға, спам жөнелтуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Facebook компаниясына қатысты тергеу жұмыстары 2018 жылы басталып, онда журналистер Дональд Трамптың президенттік сайлау кампаниясында британиялық "Cambridge Analytica" компаниясы әлеуметтік желі қолданушылардың мәліметтерін пайдаланды деп айыптаған.