Уақыттың 12 құпиясы
06-11-2020
Фейсбук деген қызыққой. Жүрек жарды тілектермен өлеңдер, түрлі сыни пікірлер оқисың. Ел тағдырына қатысты қызу талқы да осында. "Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады" дегендей, әркім ақ, шама-шарқынша өз деңгейін көрсетіп жатады. Негізінен қысқа мәтінде жазылған посттар көп оқылады. Ұзақ жазылған посттарға көз тоқтатып қарап жатпайды көпшілік. Кейде бір болмайтын сөзге шүпірлей лайк басып, жүздеген адам пікірлерін қалдырып жатады да, керсінше мағынасы терең ұзақ жазбалар шеттеп қалады. Өлең-жырларын құлаштап жазатын ақын, жазушыларға обал ақ. Менің айтпағымда осы.
Жазушы деген, қазақтың күпі киген қара сөзін көркем сөзбен көмкеріп көпшілікке ұсынушы, мың жыл бұрынғы батыр бабаңды көз алдыңа әкелуші, жүрегіңе махабат ұялатушы, ескіден қалған қазақтың сөз құдіретін келер ұрпаққа аманаттаушы, ...
Мен жазушы емеспін, бірақ оқырман ретінде оларды түсініп, кейде аяймында. Бұрынғыдай емес кітап құмарларда азайды. Амалсыз халық көп шоғырланатын әлеуметтік желілерге жазады. Жанын қажап жазғаны оқырман тарапынан жауапсыз қалса олда бір қайғы жазушы үшін. Өзін, айдалада адасқан ешкіге ұқсап маңырап қалғандай сезінетін болар. Қиын ақ.
Иә, жазушының әрбір еңбегі жүрегінің бір жұлымы екені рас. Сондықтан ара- кідік кездесетін асыл сөздерге қолдау білдіріп, бағасын беріп жүруді ұмытпағанымыз дұрыс ау.
Айдар Темірбекұлы