Қазір «тойбастарға» не берген дұрыс?
Той – халықтың қазынасы. Қазақтар бар жиған-тергенін тойға жұмсайды. Бір тойдың өзінде бірнеше салт-дәстүрді атқарып тастайды. Солардың бірі – «тойбастар». Қазіргі таңда той иелері тойбастарға не қойып жүр? Осы сұрақтың жауабын oinet.kz тілшісі жазады «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Той бастарға бал берген дұрыс. Өмірі сондай балдай тәтті болсын деп, бал қойдық біз», - дейді той иесі.
Ал тойдан «тойбастарға» бал алған анамыз оның зор пайдасы болатынын айтып берді.
«Үйге апарып лақтырып тастамаймыз. Бұны таңертең әдемі көңіл күймен шай ішеміз», - дейді тойға келген қонақ.
Бағдарлама тілшісі қонақ болып қайтқан тойда ақ жаулықты әже тойбастар туралы айтып өтті.
«Тойбастар» деген бұрын көпшілікке әкеліп шашатын шашу еді. Ендігі тойың тойға жалғассын деп айтып, осылай істейді», - дейді әже.