Әскерде үш ай болып қайтты
Мамыр айында жүрек ақауы мен бірқатар аурулары бар 20 жасар жігіт әскерге шақырылыпты.
Солтүстік Қазақстан облысында жүрегінде ақауы бар жас жігітті әскерге алып кеткен. Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде күзгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында көктемгі әскерге шақыру қорытындысы мен мәселелері талқыланды.
«Мамыр айында Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі туа біткен жүрек ақауы бар 20 жасар жігітті әскерге шақырған. Бүгін әскери бөлімнен қатардағы жауынгерді қайтару туралы шешім қабылданды», - деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Талғат Әліқұлов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында дәрігерлердің тексерудің қай кезеңінде қате жібергені анықталатынын болады.
«Мұндай жүрек ауруы бар адам әскерге келмек түгілі, пойызға да мінбеуі қажет болатын. Қажетті шараларды жасайтын боламыз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсембаев.