Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамыту перспективасы туралы пікірімен бөлісті. Екі жақты күн тәртібінен бөлек, Қытай журналистері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлін, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы контекстіндегі Аспан асты қол жеткізген жетістіктерін бағалауы үлкен қызығушылық тудырды. Президент сондай-ақ жеке сипаттағы бірқатар сұрақтарға жауап берді", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында баспасөз хатшысы.
Сұхбат ICTV телеарнасының эфирінде көрсетіледі. Баспасөз хатшысы атап өткендей, Тоқаев қазақ және қытай тілдеріндегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, Президент ҚХР мерейтойына орай өзінің жазбаша құттықтауын қалдырды.