Ләйла Сұлтанқызы сотта жеңсе, өндірілген 10 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсамақ

Oinet.kz 09-09-2019 1882

Картинки по запросу Ләйла Нұрболхан бибігүл

Танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы өзіне жала жапқан әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа берген болатын. Ал алғашқы сот отырысы тура бір апта бұрын өткен. Осы тақырып әлеуметтік желілерде біраз талқыға түсті. Енді Ләйла ханым сотта жеңуді көздеп, өтемақыны қайырымдылыққа жұмсағысы келіп отыр, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушылары даулы іске қатысты түсініктемені, арна журналистеріне хат жүзінде жіберген. Жеке тұлғалар, әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиарға қол жеткізу үшін, Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданынан нұқсан келтіретін пікірлерін әлеуметтік желі арқылы таратқан. 

Нұрболхан Шараповты ҚР қылмыстық кодекстің 130 бабының 2-ші бөлігі, жала жабу яғни ....131 бап қорлау, ал, Бибігүлдікі 130 баптың 2-ші бөлігі жала жабу, қадір-қасиетіне нұқсат келтіру бойынша айыпталған. Алайда Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы Айман Омарова сот процесіне көңілі толмай отыр.

- Неге ол Нұрсұлтанда болып отыр, бұл бірінші сұрақ. Екінші сұрақ неге Нұрболхан мен екеуінің ісі неге бір болып тұр? Нұрболхан ол Нұрболхан, бір-бірінің қаламын ұстап тұрған жоқ, әркім өзі бөлек жазды ғой. 5 млн. талап етіп отыр. Менің айтайын дегенім де не үшін ол 5 млн.? Неге ол 10 млн. емес, неге 2 млн. емес, неге нақты 5 млн. ол түсініксіз. Түсініксіз жазылған талап-арыз, шынымды айтсам, - Айман Омарова

Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушылары жіберген хатта, тележүргізушінің қарсы тараптан өндіріп алмақ сомасы түгелдей қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.

Сот процесінің екінші отырысына бармаған айыпталушылардың жайы белгілі болды.

 «5-күні біз қатыса алмаймыз. Біз оны алдын-ала айттық судьяға. Нұрболханның адвокаты да айтты. Барлығымыз енді жоспарлап қойғанбыз ғой негізінде. Бибігүлдің кітабы бар, Нұрболханның да жұмыстары, бізде сондай өтініш деп айттық», - дейді Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы.

Ләйлә Сұлтанқызы:«Негізі мен арғы өмірге бір рет барып келгенмін»
Несие толық өтелуі үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу