Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Арыс қаласының тұрғыны көршісінің карточкасынан ақша алып, оған үш несие ресімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ХАА Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыс ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеген.
Нәтижесінде күдікті жергілікті тұрғын ұсталды. Анықталғандай, күдікті әйел көршісінің сеніміне кіріп, ақша аударуына көмектесуді сұрайды. Содан кейін жәбірленушінің банк карточкасының кодын біліп, оның карточкасынан қолма-қол ақша алып, үш банкте 300 мың теңге шамасында бірнеше несие ресімдеді. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 700 мың теңгені құрайды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Полиция қызметкерлері шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдарын сотқа жіберіледі.